DAR RAIL

DAR Rail-де Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні: бөлімшелер арасындағы онлайн-викторина

DAR Rail-де Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні: бөлімшелер арасындағы онлайн-викторина
DAR Rail-де сәуір айы Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналды: 1 сәуірден бастап барлық бөлімшелерде байқаулар, тренингтер және акциялар өтіп жатыр. 15 сәуірде ай бойындағы басты зияткерлік сынақ — ZOOM форматындағы онлайн-викторина өтті. Жарысқа алты команда қатысты: «Тобыл», «Павлодар», «Астана», «Екібастұз», «Есіл» және Жүктерді коммерциялық сүйемелдеу қызметінің командасы. Сұрақтар еңбекті қорғау саласындағы нормативтер, стандарттар және практикалық жағдаяттарды қамтыды. Комиссияны Бас директор Ринат Дүйсенов басқарды. Жеңімпаздар: — 🥇 1-орын — «КызDarRai» командасы (Екібастұз ст., жүктерді қабылдап-тапсырушылар) — 135 ұпай. Жеңіс қосымша тапсырмада анықталды: командалар кезекпен қауіп-қатерлерді атасты, есеп 20:19. — 🥈 2-орын — «Астана СИТИ» (Астана РП) — 135 ұпай. — 🥉 3-орын — «ПавлоDAR» (Павлодар РП) — 105 ұпай. Теміржолдағы қауіпсіздік — бір реттік шара емес, біздің әрқайсысымыздың күнделікті жұмысымыз.