DAR RAIL

DAR Rail-да бизнесті дамыту және қамтамасыз ету жөніндегі директор тағайындалды

DAR Rail-да бизнесті дамыту және қамтамасыз ету жөніндегі директор тағайындалды
DAR Rail Бас директорының 2026 жылғы 22 маусымдағы №143-Л/С бұйрығымен Сұлтан Темірғали бизнесті дамыту және қамтамасыз ету жөніндегі директор қызметіне тағайындалды. Сұлтан Темірғали 1995 жылғы 29 қарашада дүниеге келген. 2018 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Көліктегі логистика» мамандығы бойынша тәмамдап, 2020 жылы «Салалар бойынша логистика» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған. Еңбек жолын 2017 жылы «Пони Экспресс» логистикалық компаниясында бастады. 2018 жылы «ТрансКом» компаниясына ауысып, серіктестермен жұмыс, жүктерді қайта тиеу мен сұрыптауды үйлестіру және порттардағы логистикалық үдерістерді сүйемелдеу бағыттарында еңбек етті. 2021 жылғы 7 қаңтардан бері DAR Rail-да жұмыс істейді. Осы тағайындауға дейін компанияның Алматы қаласындағы филиалының экспедициялау қызметін басқарды. Компания ұжымы Сұлтанға жаңа қызметінде табыс тілейді. Оның тәжірибесі, кәсіби білімі мен логистикалық үдерістерді терең түсінуі DAR Rail-дың одан әрі дамуына үлес қосады деп сенеміз.