DAR RAIL

DAR Rail бас директоры Астана өңірлік бөлімшесінің қызметкерлерімен кездесті

DAR Rail бас директоры Астана өңірлік бөлімшесінің қызметкерлерімен кездесті

28 тамызда DAR Rail бас директоры Азамат Қуанышбайұлы Шарсейітов компанияның Астана стансасындағы өңірлік бөлімшесіне барып, өндірістік қызметкерлермен және локомотив бригадаларының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесуде қызметкерлермен ашық пікір алмасуға басымдық берілді. Өндірістегі қазіргі жұмыс көлемі, локомотив бригадаларының жұмысын және ауысымын ұйымдастыру, қызметтік жол жүру жағдайлары, арнайы киім, бағыттардағы мобильді байланыс және еңбекақы мәселелері талқыланды. Сонымен қатар DAR Rail-дың цифрлық шешімдерін одан әрі дамыту жайы сөз болды. Атап айтқанда, АСУП жүйесі, локомотивтердегі бейнебақылау және №1137 электровозында сынақтан өтіп жатқан автоматтандырылған есеп жүйесі қарастырылды.

Қызметкерлердің ұсыныс-пікірлері назарға алынып, тиісті бөлімшелерге әрі қарай пысықтауға берілді. Азамат Қуанышбайұлы мұндай кездесулердің нақты жұмыс мәселелерін жедел талқылауға мүмкіндік беретінін атап өтіп, басшылық пен өндірістік қызметкерлер арасындағы тікелей байланысты тұрақты жалғастыру қажет екенін айтты.

Жұмыс кездесуі басталар алдында Азамат Қуанышбайұлы «Өз ісінің шебері» салалық байқауының жүлдегері Роман Лесниковты құттықтады. Сондай-ақ ұлының тәрбиесі мен кәсіби қалыптасуына қосқан қолдауы үшін анасы Татьяна Анатольевнаға Алғыс хат табыстады. Кездесуде жас теміржолшыларға тәжірибе үйретіп, тәлімгерлік дәстүрді жалғастырудың маңызы да атап өтілді.

Осындай кездесулер локомотив бригадаларының күнделікті жұмысына тікелей қатысты мәселелерді қызметкерлердің өздерімен талқылап, олардың ұсыныстарын ескере отырып шешім қабылдауға мүмкіндік береді.