DAR RAIL

DAR Rail-дың Астана өңірлік бөлімшесінде екі маңызды оқиға өтті

DAR Rail-дың Астана өңірлік бөлімшесінде екі маңызды оқиға өтті
Бүгін DAR Rail-дың Астана өңірлік бөлімшесінде екі маңызды оқиға өтті. Зейнет жасына жетіп, құрметті демалысқа шыққан жылдамдық өлшегіш таспаларды талдау инженері Асма Елешқызына көп жылғы адал еңбегі үшін алғыс айтылды. Компания мен кәсіподақ атынан естелік сыйлық табысталды. Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, білімі мен тәжірибесін ортақ іске арнаған осындай қызметкерлерімізді мақтан тұтамыз. Асма Елешқызына зор денсаулық, амандық және өмірінің жаңа кезеңінде қуанышты күндер тілейміз. Сондай-ақ машинист Геннадий Березовский марапатталды. Ол биылғы «Өз ісінің шебері» байқауында компания машинистері арасында үшінші орын иеленді. Геннадий бұған дейін, 2023 жылы, осы байқауда бірінші орын алған еді. Биыл ол компанияның үздік үш машинисінің қатарына еніп, шілде айында Шымкентте өтетін тасымалдаушылар арасындағы байқауда DAR Rail намысын қорғайды.