DAR RAIL

DAR Rail қызметкерлері Теміржол көлігі қызметкерлері күніне орай 14 салалық марапатқа ие болды

DAR Rail қызметкерлері Теміржол көлігі қызметкерлері күніне орай 14 салалық марапатқа ие болды
31 шілдеде DAR Rail-де Қазақстан Республикасының Теміржол көлігі қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға Астанадағы орталық кеңсе, Алматы филиалы және өңірлік бөлімшелердің қызметкерлері қатысты. Өңірлердегі әріптестер онлайн форматта қосылды. Ұжымды кәсіби мерекемен DAR Rail бас директоры Азамат Қуанышбайұлы Шарсейітов, Байқау кеңесінің мүшесі әрі Алматы филиалының басшысы Лариса Иосифовна Смирнова, «DAR Rail жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Тастыбайұлы Дүйсенов және өңірлік бөлімшелердің басшылары құттықтады. Салтанатты рәсімде компанияның дамуына үлес қосып, жоғары нәтиже көрсеткен 30 қызметкер корпоративтік марапаттарға ие болды. Теміржол көлігі қызметкерлері күніне орай компания қызметкерлеріне барлығы 14 салалық марапат табысталды. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары, сондай-ақ салалық қауымдастықтардың марапаттары бар. Көлік министрлігінің Құрмет грамотасымен Александр Васильевич Мазур, Арман Байымбетов, Николай Нижегородов, Ильхам Галимов, Иван Ильдеряков және Арслан Джумашев марапатталды. Министрліктің Алғыс хаттарына Руслан Хамитов, Наталья Лобанова, Дмитрий Мельников, Владимир Яворский, Медет Тойғамбеков және Ильяс Күржібаев ие болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық экспедиторлар қауымдастығының Алғыс хаттары Эльмира Самамбетова мен Алина Шериеваға табысталды. Сонымен қатар компанияның бірқатар қызметкерлері DAR Rail бас директорының Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталды. Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Кәсібиліктері мен адал еңбектері үшін алғыс айтып, зор денсаулық, амандық және жаңа жетістіктер тілейміз.