DAR RAIL

DAR Rail қызметкерлері күштік спорттан Азия чемпионатында алтын алды

DAR Rail қызметкерлері күштік спорттан Азия чемпионатында алтын алды
Жуырда Бішкек қаласында күштік спорт түрлерінен «Алтын Барыс» ашық Азия чемпионаты өтті. Екібастұз учаскесінің машинист көмекшілері Нұрлан Еркалин мен Жандос Ануарбеков халықаралық жарыста сәтті өнер көрсетіп, өз салмақ дәрежелерінде алтын медаль жеңіп алды. Нұрлан мен Жандос үшін бұл — ірі жарыстардағы кезекті жеңіс. Әрбір жетістіктің артында тынымсыз дайындық, тәртіп және теміржолдағы жауапты жұмысты спортпен қатар алып жүрудегі табандылық жатыр. Чемпионат ұйымдастырушылары спортшыларға көрсеткен қолдауы және жарысты ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін бөлімше басшысы Бестібай Қаратайұлы Бекеновке де алғыс білдірді. Алғыс хатта күштік спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және достық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесі ерекше аталып өткен. Нұрлан мен Жандосты кезекті жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Әріптестерімізбен мақтанамыз және оларға спортта да, кәсіби қызметте де толағай табыс тілейміз.