DAR RAIL

DAR Rail-дың алты қызметкері шетелге жолдама ұтып алды

DAR Rail-дың алты қызметкері шетелге жолдама ұтып алды
Мекемемізде қызметкерлер арасында дәстүрге айналған шетелге жолдама ұтысының биылғы жеңімпаздары анықталды. 2022 жылдан бері өткізіліп келе жатқан бұл бастама барлық өңірлік бөлімшелер мен орталық кеңсе қызметкерлерін біріктіріп келеді. Биыл электронды кездейсоқ таңдау жүйесі арқылы алты жеңімпаз анықталды. Әр бөлімшеден бір қызметкер жолдама иеленді: Павлодар — Мұратхан Парасат, электровоз машинисінің көмекшісі; Екібастұз — Берік Рамазанұлы Әбетов, электровоз машинисінің көмекшісі; Тобыл — Надежда Кетибаева, аға консалт-диспетчер; Есіл — Ирина Щинова, консалт-диспетчер; Астана — Алексей Скорик, электровоз машинисі; Орталық кеңсе — Әділбек Сәрсенов, техникалық қолдау жөніндегі маман. Өңірлердегі әріптестеріміз ұтыс ойынын тікелей эфирден тамашалап, жеңімпаздардың қуанышына бірден ортақ болды. Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Демалыстары көңілді өтіп, жаңа әсерге бөленіп, жақсы көңіл күймен оралуларына тілектеспіз.