Павлодар өңіріндегі өндірістік бөлімшелерге жұмыс сапары
3–4 тамыз күндері операциялық блок басшылығының өкілдері, Персоналды басқару қызметінің басшысы және DAR Rail жергілікті кәсіподағының төрағасы Павлодар өңіріндегі өндірістік бөлімшелерге жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында «Восточный» разрезінің Фестивальная стансасындағы локомотивтерге техникалық қызмет көрсету пунктінің жұмысы тексерілді. Сондай-ақ Екібастұз және Павлодар стансаларында өндірістік кеңестер өткізіліп, ағымдағы жұмыстар мен күзгі комиссиялық тексеріске дайындық мәселелері қаралды. «Восточный» разрезінің басшылығымен қысқы кезеңге дайындық барысы да талқыланды.
Сонымен қатар Екібастұз-1 және Екібастұз-3 стансаларындағы өндірістік нысандар, тұрмыстық жағдайлар және қызметкерлерге жасалған еңбек жағдайлары зерделенді.
Сапар аясында ұжымдармен кездесулер өтті. Екібастұз өндірістік учаскесінде машинист-нұсқаушы Николай Алексеевич Нижегородовты құрметті еңбек демалысына шығарып салып, компания мен кәсіподақ атынан естелік сыйлық табысталды. Айта кетейік, бұған дейін Теміржол көлігі қызметкерлері күніне орай ол Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған болатын.
Павлодар өңірлік бөлімшесінде «Өз ісінің шебері» салалық байқауының жүлдегерлері — машинист Константин Валерьевич Старов пен машинист көмекшісі Даниял Мурзабекович Быкодаровқа құрмет көрсетілді. Іс-шараға Константиннің әкесі Валерий Михайлович Старов пен анасы Ангелина Николаевна Старова, сондай-ақ Даниялдың анасы Татьяна Николаевна Быкодарова да шақырылып, Бас директордың атынан Алғыс хаттар табысталды.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша күзгі-қысқы кезеңге дайындықты жалғастыру және қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсарту бағытындағы алдағы міндеттер айқындалды.