«AiDAR» — теміржол саласына арналған кәсіби бағдарлау цифрлық ассистенті — PR Room Awards байқауында «Ең үздік HR-коммуникация» номинациясының жеңімпазы атанды. Жобаны Қазақстандық жүк теміржол тасымалдаушылары қауымдастығы (КАЖГТП), DAR Rail және TTT Service компанияларының қолдауымен әзірленді.
AiDAR алғаш рет @mamanfest.kz фестивалінде ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың қатысуымен өткен Жұмысшы мамандықтар жылының ашылу рәсімінде таныстырылды. Ассистент мектеп оқушылары мен студенттерге арналған: онда теміржол және логистика саласындағы мамандықтармен танысуға, кәсіби бағдарлау тестін тапсыруға және Telegram-бот арқылы GPT негізіндегі виртуалды кеңесшіге сұрақ қоюға болады.
PR Room Awards марапаты — цифрлық технологиялардың жұмысшы мамандықтарды насихаттауда маңызды рөл атқара алатынын дәлелдейтін кәсіби мойындау. DAR Rail ұйымдастырушыларға жобаны жоғары бағалап, осы бастамаларды кәсіби ортаға таныстыруға мүмкіндік жасағаны үшін алғыс білдіреді.