Шымкентте «Өз ісінің шебері» байқауының ақтық кезеңі мәресіне жетті
Шымкент қаласында «Өз ісінің шебері» байқауының ақтық кезеңі мәресіне жетті.
Байқауға «ҚТЖ – Жүк тасымалы», DAR Rail және TTT Service компанияларының машинистері мен машинист көмекшілері қатысты.
Екі күн бойы қатысушылар кәсіби таныстырылым, зияткерлік сайыс және тәжірибелік кезең бойынша сынға түсті. Байқау қорытындысында DAR Rail командасы алты жүлделі орынның төртеуін иеленіп, локомотив бригадаларының жоғары кәсіби даярлығын тағы бір мәрте дәлелдеді.
«Үздік машинист»
🥈 II орын — Константин Старов (DAR Rail)
🥉 III орын — Геннадий Березовский (DAR Rail)
«Үздік машинист көмекшісі»
🥈 II орын — Роман Лесников (DAR Rail)
🥉 III орын — Даниял Бықодаров (DAR Rail)
Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды былтырғы чемпиондық атағын сақтап қалған TTT Service командасы иеленді.
Әріптестерімізді лайықты нәтижелерімен және жүлделі орындарымен құттықтаймыз! Жоғары кәсіби дайындықтары, жауапкершілігі мен еңбектері үшін алғыс білдіреміз. Алдағы уақытта да қауіпсіз еңбек, толағай табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!