Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасының өкілдері DAR Rail кеңсесіне келді
Бүгін кеңсемізге Астана қаласының Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Қанат Әлин бастаған делегация келді.
Кездесу барысында қонақтарға орталық кеңсенің жұмысын таныстырып, тасымалды автоматтандырылған басқару жүйеміздің (АСУП) мүмкіндіктерін көрсеттік. Сондай-ақ теміржол арқылы жүк тасымалдау саласындағы өзекті мәселелерді талқыладық. Әңгіме жалпы салалық мәселелермен қатар, жеке тасымалдаушылардың бүгінгі нарықта кездесіп отырған түйткілдері төңірегінде өрбіді.
Кездесу ашық әрі мазмұнды өтті. Палата өкілдері компаниямыздың цифрлық шешімдеріне және DAR Rail-дың саланы дамытуға қосып жүрген үлесіне жоғары баға берді. Сондай-ақ жеке бизнесті сараптамалық тұрғыдан сүйемелдеуге және кәсіпкерлердің мүддесін қорғауға қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Бұдан бөлек, компаниямызға Палата жанындағы салалық кеңестердің жұмысына белсендірек қатысып, жинақталған тәжірибемен бөлісу ұсынылды.
Мұндай кездесулер саладағы нақты мәселелерді ашық талқылап, бизнес пен кәсіби қауымдастық арасында тиімді шешімдер табуға мүмкіндік береді.