DAR RAIL

Ринат Дүйсеновтің Бас директор қызметіндегі жұмысын аяқтауына байланысты үндеуі

Ринат Дүйсеновтің Бас директор қызметіндегі жұмысын аяқтауына байланысты үндеуі

Құрметті әріптестер, достар және серіктестер!

Мен DAR RAIL Бас директоры қызметіндегі жұмысымды аяқтау туралы шешім қабылдадым. Кеше, 28 мамырда, осы қызметтегі соңғы жұмыс күнім болды. Бүгін істерді тапсырып, қажетті рәсімдерді аяқтадым. Байқау кеңесі ұжымға компанияның бизнесті дамыту және қамтамасыз ету жөніндегі директоры Азамат Шарсейітовті Бас директор қызметіндегі менің ізбасарым ретінде таныстырды.

Компаниядан кету туралы шешімім, ең алдымен, осыдан бес жылдан астам уақыт бұрын Бас директор қызметіне кіріскенде алдыма қойған міндеттер мен мақсаттардың орындалуына және DAR RAIL-дың дамудың жаңа кезеңіне өтуіне байланысты.

Мен DAR RAIL-дамын компания құрылған алғашқы күннен бері. Алдымен локомотив бизнесін ұйымдастыру жөніндегі сарапшы әрі кеңесші ретінде еңбек еттім, кейін Бас директор қызметіне кірістім. Осы жылдар ішінде біз елімізде де, салада да бұрын-соңды болмаған жолдан бірге өттік. Алғашқы ұйымдастырушылық шешімдерден, алғашқы бағыттар мен локомотив бригадаларын жұмысқа қабылдаудан бастап, бүгінде Қазақстанда және шетелде танылған әрі құрметке ие елдегі ірі жеке теміржол жүк тасымалдаушысына дейін өстік.

Біз салалық және мемлекеттік деңгейде мойындалып, «Парыз», «Іскер» және «Магистраль» марапаттарына ие болдық.

Осының бәрін біз бірге атқардық. DAR RAIL-дың әр қызметкеріне – локомотив бригадаларына, диспетчерлерге, мамандарға, түрлі қызметтер мен бөлімшелердің басшыларына, компания жұмысының сапасын, қауіпсіздігі мен тұрақтылығын күн сайын қамтамасыз етіп жүрген барша әріптесіме алғыс айтамын.

Клиенттеріміз бен серіктестерімізге сенімі, ашық диалогі және бірлескен жұмысы үшін ерекше ризашылығымды білдіремін. Осы жылдары біз бір-бірімізді тыңдай білгеніміздің, шешім іздеп, нәтижеге жауапкершілікпен қарағанымыздың арқасында дамыдық.

Мен мықты компанияның негізі корпоративтік мәдениет пен құндылықтарда, еңбекке құрметте, адалдық пен ашықтықта, адамдарды тыңдай білуде деп әрдайым сендім. Әр қызметкер ортақ істегі өз орнын түсінуі керек.

DAR RAIL-дың дамудың келесі кезеңіне өтуіне қажет мүмкіндіктің бәрі бар екеніне сенімдімін. Компанияда мықты кәсіби команда, мол тәжірибе, өндірістік инфрақұрылым, цифрлық шешімдер, сенімді серіктестік және нақты мақсаттар бар.

Алда жаңа сын-қатерлер, нарықтың жаңа талаптары мен жаңа міндеттер күтіп тұр. Бірақ компания бұған дайын. DAR RAIL өзгерісті қабылдай біледі, жұмысты жүйелі жүргізеді және бұрын мүмкін емес көрінген жерде де жол таба алады.

Менің жадымда сандар, жобалар мен марапаттар ғана қалмайды. Қызметкерлермен болған әңгімелер, бригадалармен кездесулер, күрделі шешімдер, ортақ жеңістер және компанияны жай ғана жұмыс орны емес, шын мәнінде ортақ іс ретінде бірге құрғанымыз есте қалады.

Баршаңызға сенімдеріңіз, қолдауларыңыз және бірлескен еңбектеріңіз үшін рақмет!

Бірге құрғанымызды сақтап, одан әрі дамытыңыздар. DAR RAIL-ды нығайтып, алға бастай беріңіздер.

Компанияны алда жаңа мүмкіндіктер, ауқымды жобалар мен жарқын болашақ күтіп тұрғанына сенемін.

Құрметпен,
Ринат Дүйсенов