DAR RAIL

Республика күнінде Көлік министрі DAR RAIL бас директорын марапаттады

Республика күнінде Көлік министрі DAR RAIL бас директорын марапаттады
Қазақстан Республикасы күні қарсаңында «DAR RAIL» ЖШС-нің Бас директоры Ринат Дүйсенов Қазақстан Республикасының Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтың Алғыс хатымен марапатталды. Марапатты Қазақстанның ұлттық экспедиторлар қауымдастығы (АНЭК) мен Қазақстанның жылжымалы құрам иелері мен операторлары қауымдастығының (КазАПО) басшылары табыстады. Олар компанияның елдің көлік жүйесін дамытуға және инновациялық шешімдерді енгізуге қосқан үлесін атап өтті. Қонақтарға компания орталық кеңсесі мен DAR Rail-дің негізгі цифрлық құралы — АСУП таныстырылды. Ринат Тасболатұлы ұжымға айтқан сөзінде: «Республика күні — тек есте қаларлық дата ғана емес, бұл жауапкершілік пен бірліктің нышаны. DAR Rail-дің жұмысы адамдар мен аймақтарды байланыстырып, ел экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді», — деді. Басшы локомотив бригадаларынан бастап кеңсе мамандарына дейінгі барлық қызметкерге кәсібилігі, тәртібі мен еңбегіне адалдығы үшін алғысын білдірді. Республика күні құтты болсын! Еліміздің дамуына еңбегіміз жалғасын тапсын!