DAR RAIL

DAR RAIL машинисі Әділ Мұсаев Астанадағы Жұмысшы мамандықтар аллеясының ашылуына қатысты

DAR RAIL машинисі Әділ Мұсаев Астанадағы Жұмысшы мамандықтар аллеясының ашылуына қатысты
Астанада қала әкімдігінің ұйымдастыруымен «Жұмысшы мамандықтар аллеясының» ашылу рәсімі өтті. Шараға «Еңбек жолы – 2025» байқауының жеңімпаздары қатысты. Олардың арасында DAR RAIL компаниясының электровоз машинисі Әділ Мұсаев бар — ол елорда бойынша «Өндірістің үздік қызметкері» атанды. Әділге аллеяда өз есімі жазылған ағаш отырғызу мәртебесі берілді. Қала әкімі Жеңіс Қасымбектің атынан Алғыс хат табысталды. Маңызды сәтте операциялық қызмет жөніндегі директор Асхат Тусупқанов пен DAR RAIL жергілікті кәсіподағының төрағасы Серік Тастыбайұлы Әділді қолдады. Әділ компанияның негізгі бөлімшелерінің бірінде машинист болып жұмыс істейді. Оның кәсібилігі, тәртіпті жұмысы мен тасымал қауіпсіздігіне қосқан үлесі компания деңгейінде ғана емес, қала деңгейінде де жоғары бағаланды. Алда байқаудың республикалық кезеңі тұр. DAR RAIL ұжымы Әділге сәттілік тілейді!