DAR RAIL

DAR Rail басшылығындағы кадрлық өзгерістер

DAR Rail басшылығындағы кадрлық өзгерістер
DAR Rail қатысушыларының жалпы жиналысының 2026 жылғы 8 маусымдағы шешімімен Азамат Қуанышбайұлы Шарсейітов компанияның Бас директоры қызметіне тағайындалды. Азамат Қуанышбайұлы 1986 жылы дүниеге келген. 2009 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Тасымалды ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Теміржол саласындағы еңбек өтілі – 19 жылға жуық. 2007–2022 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ компаниялар тобында еңбек етіп, пойыз құрастырушыдан «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Қостанай жол бөлімшесі бастығының бірінші орынбасарына дейінгі еңбек жолынан өтті. Әр жылдары Сороковая стансасының кезекшісі, Ақмола жол бөлімшесінің жедел-басқару бөлімінің пойыз диспетчері, Сороковая стансасы бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» Қостанай бөлімшесінің бас инженері және Қостанай жол бөлімшесі бастығының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 2022 жылдан бері DAR Rail-да еңбек етеді. Осы тағайындауға дейін бизнесті дамыту және қамтамасыз ету жөніндегі директор қызметін атқарды. Компания ұжымы Азамат Қуанышбайұлына жаңа қызметінде табыс тілейді. Оның кәсіби тәжірибесі мен саланы терең білуі DAR Rail-дың одан әрі дамуына берік негіз болады деп сенеміз.