Локомотив өндірушілерінің өнімдерін зерделеу және жылжымалы паркті жаңарту жоспары аясында Бас директор Ринат Дүйсеновтың жетекшілігімен DAR Rail делегациясы Екатеринбургте «Синара – Транспортные Машины» холдингінің өндіріс алаңдарына барды. Делегация Дизель машина жасау зауыты мен «Уральские локомотивы» зауытында болды. Сапар барысында кәсіпорындардың өндірістік қуаты мен технологиялық үдерістері таныстырылды. DAR Rail мамандарына СТМ холдингінің жаңа локомотив моделі — 2ЭС11 «Орлец» магістральды электровозы көрсетілді. Бұл локомотив толықтай ресейлік компоненттік база негізінде жасалған, асинхронды тартқыш жүйемен және заманауи цифрлық басқару жүйелерімен жабдықталған. Тараптар ынтымақтастық мүмкіндіктері мен СТМ өнімдерін DAR Rail операциялық қызметінде қолдану жолдарын талқылады. Зауытқа бару — парктің стратегиялық жоспарлауы мен оны дамытуға арналған ең тиімді шешімдерді іздеудегі жүйелі жұмыстың бір бөлігі.


