Абай күні: DAR Rail жұмысындағы білім мен даму қағидаты
Бүгін, Абай күнінде, ұлы ақын әрі ойшылдың қазіргі таңда да мәнін жоғалтпаған ойларын еске аламыз.
«Жол көрмек, жоба білмек, жиһан кезбек» деген Абай сөзін дүниетанымды кеңейтуге, жаңаны үйренуге, әлемді танып, пайдалы тәжірибені меңгеруге үндейтін ой деп түсінуге болады.
DAR Rail жұмысына да осы ұстаным жақын. Біз озық тәжірибені зерделеп, тиімдірек шешім іздеуге және үнемі дамуға мән береміз. Теміржол саласы өзгеріп келеді. Соған сай білімімізді, технологияларымызды және кәсіби тәсілдерімізді де жетілдіріп отыруымыз керек.
Абайдың осы сөзін күнделікті ісімізде ұстанып, жаңаны үйреніп, жақсы тәжірибені бойға сіңіріп, кәсіби шеберлігімізді шыңдайық. Әркім өз ісін жақсы атқарса, ортақ жұмыс та алға басады. Абай күні құтты болсын!