DAR RAIL

ALT University делегациясы DAR Rail орталық кеңсесіне келді

ALT University делегациясы DAR Rail орталық кеңсесіне келді
DAR Rail орталық кеңсесінде М.Тынышпаев атындағы Алматы көлік университеті (ALT University) делегациясын қабылдады. Делегацияны басқарма төрағасы — ректор Мерует Советқызы Жармағамбетова және корпоративтік және әлеуметтік даму жөніндегі проректор Андрей Александрович Иванов басқарды. Сапардың мақсаты — көлік саласына мамандар даярлаудың бірлескен мүмкіндіктерін талқылау. Кездесу барысында DAR Rail өкілдері қонақтарға компанияда қолданылып жүрген тасымалды автоматтандырылған басқару жүйелері мен цифрлық құжат айналымы технологияларын таныстырды. Бұл — жас маман өндірістегі алғашқы күннен бастап кездесетін нақты жұмыс үдерістері. Кездесу нақты және мазмұнды өтті. Нәтижесінде тараптар бірлескен жұмыстың бағыттарын айқындап, міндеттер мен олардың орындалу мерзімдерін келісіп алды. DAR Rail үшін жоғары оқу орынымен серіктестік — жай формальдылық емес, саладағы нақты жұмысқа дайын мамандарға жасалған инвестиция.