DAR RAIL

DAR RAIL «Парыз» байқауының еңбекті қорғау номинациясында бірінші орын алды

DAR RAIL «Парыз» байқауының еңбекті қорғау номинациясында бірінші орын алды
DAR RAIL елордалық «Парыз» әлеуметтік жауапкершілік байқауының аймақтық кезеңінде «Еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы саласындағы кәсіпорындар арасындағы үздік тәжірибе» номинациясы бойынша І орын алды. Бұл нәтиже — компанияның соңғы жылдары еңбек қауіпсіздігін жетілдіру, өндірістік тәуекелдерді азайту және қауіпсіз еңбек мәдениетін дамыту бағытындағы жүйелі жұмысының заңды қорытындысы. DAR RAIL-дің қауіпсіздікке деген тәсілі әр қызметкердің белсенді қатысуы, тұрақты оқытулар, инциденттердің алдын алу және нормативтік талаптарды қатаң сақтау қағидаттарына негізделген. DAR RAIL-де еңбекті қорғау — тек формальдылық емес, маршруттың әрбір учаскесінде адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғайтын күнделікті тәжірибе.