DAR Rail GIZ және Expertise France өкілдерімен кездесті: Транскаспий дәлізін дамыту
DAR Rail орталық кеңсесінде Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамы (GIZ) мен Франция халықаралық даму агенттігі — Expertise France өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Кездесуде Global Gateway бастамасы аясында Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің әлеуетін дамыту мәселелері талқыланды.
Негізгі назар дәліздің бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыруға, өңірде заманауи логистикалық инфрақұрылымды қалыптастыруға, сондай-ақ Орталық Азияның транзиттік мүмкіндіктерін күшейтудегі жекеменшік тасымалдаушылардың рөліне аударылды. DAR Rail — цифрлық тасымалды басқару жүйесі бар жекеменшік оператор ретінде ЕО инфрақұрылымдық бастамалары қолдауға ұмтылатын нақты үлгіні ұсынады.
Кездесу тараптардың алдағы ынтымақтастыққа дайын екенін растады. DAR Rail Орталық Азияның транзиттік мүмкіндіктерін нығайтатын нақты іс-қимылға негізделген диалогқа мүдделі.