DAR RAIL

Біздің компания “Алтын сапа” байқауы аясында “Іскер” сыйлығының жеңімпазы атанды

Біздің компания “Алтын сапа” байқауы аясында “Іскер” сыйлығының жеңімпазы атанды

Бүгін Астанада ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.
DAR Rail биыл республикалық «Алтын сапа» байқауының барлық кезеңінен сәтті өтіп, ұлттық деңгейге шыққаг болатын. Нәтижесінде компания «Іскер» арнайы сыйлығының номинанты деп танылды.

«Іскер» сыйлығы өз саласында тұрақты нәтиже көрсетіп, қызмет сапасын үздіксіз жақсартып отырған кәсіпорындарға беріледі. DAR Rail үшін бұл марапат — жүк тасымалдау қызметінің сапасын арттыру, клиенттермен жұмысты дамыту, инновация енгізу және теміржол логистикасын цифрландыру бағытында жүйелі еңбек етіп келе жатқан бүкіл ұжымның еңбегіне берілген баға.

Байқауды ұйымдастырған «Атамекен» ҰКП-на бизнеске көрсеткен тұрақты қолдауы және компания тәжірибесін ұлттық деңгейде таныстыруға мүмкіндік жасағаны үшін алғыс айтамыз.

Сонымен қатар барлық клиенттеріміз бен серіктестерімізге ерекше ризашылығымызды білдіреміз. Сіздердің күнделікті кері байланыстарыңыз, қызмет сапасына қойылатын талаптарыңыз, логистика мен қозғалыс құрамын пайдалануға қатысты ортақ шешім іздеу жұмыстары үдерістерімізді нақтылауға, қызметті жақсартуға және тасымалдау сенімділігін арттыруға көмектеседі. Әрбір ұсыныс пен ескерту — DAR Rail дамуына және компанияға деген сенімнің артуына қосылған үлес.

Бұл марапат — DAR Rail ұжымының ортақ еңбегінің нәтижесі. Компания қызметкерлеріне кәсіби деңгейі, жауапкершілігі және Қазақстан теміржол саласының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.