DAR RAIL

DAR Rail цифрлық қауіпсіздік пен дипфейктерге арналған тренинг өткізді

DAR Rail цифрлық қауіпсіздік пен дипфейктерге арналған тренинг өткізді
DAR Rail компаниясында жасанды интеллект пен дипфейк технологияларына арналған ақпараттық кездесу өтті. Жалған бейне, сурет және дауыстың қалай жасалатыны және мұндай технологиялардан туындайтын қауіп-қатерлер — репутациялық зияннан бастап қаржылық және жеке шығындарға дейінгі нақты мысалдар талқыланды. Қызметкерлерге арнайы дайындалған демонстрациялар көрсетілді. Кездесудің басты мақсаты — цифрлық сауаттылықты арттыру. Технология дамыған заманда ақпаратты саралай білу, жалған контентті тану және қауіпсіз әрекет ету — әр қызметкер үшін маңызды дағды. Нақты мысалдар технологияның қаншалықты шынайы адамды бейнелей алатынын өз көздерімен бағалауға мүмкіндік берді. DAR Rail технологияны саналы және жауапты пайдалануға басымдық беріп, компанияның цифрлық мәдениетін нығайтуды жалғастыра береді. Цифрлық ортадағы қауіпсіздік — қозғалыс қауіпсіздігі сияқты басымдық.