DAR Rail «Синара – Транспортные Машины» мен PhosAgro делегациясымен жұмыс кездесуін өткізді
DAR Rail орталық кеңсесінде «Синара – Транспортные Машины» (СТМ) холдингі мен PhosAgro өнеркәсіптік тобының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Делегацияны СТМ Сауда үйінің бас директоры — СТМ бас директорының орынбасары Антон Зубихин басқарды.
Кездесуде тараптар локомотив шаруашылығын дамыту, жылжымалы құрамды жаңғырту және заманауи технологиялық шешімдерді енгізу мәселелерін талқылады. DAR Rail компанияны, оның өндірістік қызметін және цифрландыру мен тасымалдауды басқару саласындағы инновацияларын таныстырды. СТМ мен PhosAgro өкілдері ТАБЖ мүмкіндіктерімен танысты.
Кездесу нәтижесінде тараптар ынтымақтастықты жалғастыруға және кәсіби тәжірибе алмасуға келісті. Локомотив жабдықтарын өндірушілермен өзара іс-қимыл — DAR Rail-дың жылжымалы паркті жоспарлы дамыту мен жаңарту стратегиясының бір бөлігі.