DAR RAIL

DAR Rail «Көлік және логистика» салалық кеңесінің отырысына қатысты

DAR Rail «Көлік және логистика» салалық кеңесінің отырысына қатысты
5 тамыз күні Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекеннің» Астана қаласы кәсіпкерлер палатасы жанындағы «Көлік және логистика» салалық кеңесінің отырысы өтті. DAR Rail атынан жиынға бас директор Азамат Қуанышбайұлы Шарсейітов пен бас талдаушы Мұрат Маратұлы Бекмағамбетов қатысты. Отырыста жолаушылар тасымалын субсидиялау, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын жетілдіру, сондай-ақ салалық кеңестің 2026 жылдың екінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспары талқыланды. Жиын барысында Палата өкілдері теміржолшыларды кәсіби мерекемен құттықтап, көлік саласының дамуына қосқан үлесі, кәсібилігі мен адал еңбегі үшін DAR Rail бас директоры Азамат Қуанышбайұлы Шарсейітовке Алғыс хат табыстады. Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасына көрсеткен құрметі мен компаниямыздың жұмысына берген жоғары бағасы үшін алғысымызды білдіреміз.