DAR Rail Санкт-Петербургте өткен «PRO//Движение.Экспо» халықаралық теміржол салонына қатысты
2025 жылғы 28–31 тамыз аралығында Санкт-Петербургте Ресей темір жолдары музейінің алаңында «1520 кеңістігінің» «PRO//Движение.Экспо» халықаралық теміржол салоны өтті. Саланың басты алаңы 7 000-нан астам қатысушы мен 130-дан артық ұйымды жинады. 2025 жылғы негізгі тақырыптар — халықаралық ынтымақтастық, цифрландыру, автономды шешімдер мен саланың жаңа құзыреттері.
DAR Rail компаниясын операциялық қызмет жөніндегі директор Асхат Тусупканов және локомотивтерді жөндеуді ұйымдастыру қызметінің басшысы Марат Жапаров өкілдеді. Олар локомотив кешеніне, сервиске және жөндеуге арналған сессияларға белсенді қатысып, паркті өмірлік циклмен басқару, қосалқы бөлшектер жеткізу, жаңғырту және өндірістік аналитика бойынша шешімдерді зерделеді. Сонымен қатар өндірушілермен өткен дөңгелек үстелдерде компанияны және оның жетістіктерін таныстырды.
«PRO//Движение.Экспо» тәжірибе алмасу мен жаңа стратегиялық серіктестіктер орнату үшін тиімді алаң болды. Алынған білім мен байланыстар DAR Rail-дің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және нарықтағы позициясын нығайтуға қызмет етеді деп сенімдіміз.