DAR RAIL «Жолаушы локомотивтері» мен НЗО «КТМ» делегациясын қабылдады
2025 жылғы 4 қыркүйекте «DAR RAIL» ЖШС орталық кеңсесіне «Жолаушы локомотивтері» ЖШС мен Кешенді көлік мәселелерінің ғылыми-зерттеу орталығы (НЗО «КТМ») өкілдерінен тұратын делегация келді.
Кездесу барысында қонақтарға компания, оның өндірістік инфрақұрылымы және Тасымалдауды автоматтандырылған басқару жүйесі (ТАБЖ) таныстырылды. Қатысушылар жылжымалы құрамды пайдалану мен техникалық қызмет көрсетудің өзекті мәселелерін талқылап, өндірістік үдерістерді цифрландыру тәсілдері мен операциялық тиімділікті арттыру жолдарын қарастырды.
Кездесу нәтижесінде тараптар тәжірибе мен өзекті ақпарат алмасуды жалғастыруға келісті. Саланың жетекші ойыншылары арасындағы мұндай өзара іс-қимыл кәсіби құзыреттерді дамытуға және Қазақстанның жүк тасымалы нарығы бойынша үздік тәжірибелерді енгізуге ықпал етеді.