Біз компанияның цифрлық инфрақұрылымын жаңартуды және өз ІТ-шешімдерімізді жүйелі түрде дамытуды жалғастырып келеміз.
Бүгін бізге «Қызметкердің мобильді кабинеті» таныстырылды. Бұл — негізгі жұмыс үдерістерін бір жүйеге біріктіретін жаңа корпоративтік құрал. Қызметкерлер жеке деректерін, құжаттарын, маршрут парақтарын, іссапар мен қаржылық ақпараттарын бір жерден көре алады. Сонымен қатар медициналық тексеру, оқу мерзімі немесе куәліктердің қолданылу уақыты секілді маңызды мерзімдер бойынша ескертулер алып отырады.
Сонымен бірге біз компания сайтын да жаңартып, оған жаңа цифрлық мүмкіндіктер мен заманауи шешімдерді қостық.
Біз үшін бұл — ішкі үдерістерді әр қызметкер үшін ыңғайлырақ, жылдамырақ әрі ашық етуге бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Алдағы уақытта да цифрлық сервистерді дамытып, күнделікті жұмысты жеңілдететін жаңа құралдарды енгізуді жалғастырамыз.
