DAR Rail Халықаралық қарттар күнінде ардагерлер мен кәрі ата-аналарды құттықтады
1 қазан — Халықаралық қарттар күні. DAR Rail-де бұл мереке компания ардагерлері мен қызметкерлердің аға буынына ерекше ризашылық білдірудің сәтіне айналды.
Тобыл станциясындағы өңірлік бөлімшеде «Қайырым қоржыны – құрмет белгісі» акциясы ұйымдастырылды: қызметкерлер әріптестерінің қарт ата-аналарын жеке құттықтап, денсаулық тілеп, шағын сыйлықтар табыстады.
Екібастұз учаскесіндегі кездесуге операциялық қызмет жөніндегі директор Асхат Тусупқанов, персоналды басқару қызметінің жетекшісі Айжан Күдербаева және кәсіподақ төрағасы Серік Дүйсенов қатысты. Басшылық ардагерлерге компания дамуына қосқан үлесі мен жасаған еңбегі үшін ерекше алғыс білдірді.
DAR Rail ұрпақ сабақтастығын бағалайды. Аға буынның өмірлік жолы мен кәсіби тәжірибесі — компания жас мамандары үшін нақты үлгі.