DAR RAIL

DAR RAIL корпоративтік психолог жұмысының алғашқы жарты жылдық нәтижелерін шығарды

DAR RAIL корпоративтік психолог жұмысының алғашқы жарты жылдық нәтижелерін шығарды
DAR RAIL компаниясында жарты жылға жуық уақыттан бері корпоративтік психолог Наталья Львовна Еспенко жұмыс істеп келеді. Осы кезеңде командамен жүйелі жұмыс жолға қойылып, қызметкерлердің өзіне деген сенімін нығайтуға, өзіндік құндылықты сезінуге және ішкі коммуникацияны жақсартуға бағытталған тұрақты тәжірибе қалыптасты. Орталық аппаратта апта сайын сәрсенбі күндері оқыту тренингтері, жұма күндері практикалық сессиялар мен командалық іс-шаралар өткізіледі. Жұмыс форматтары топтық сабақтарды да, жеке консультацияларды да қамтиды. Қызметкерлер процестерге белсенді қатысып, жұмысқа әсер ететін жеке ой-пікірлерін ашық бөлісе бастады. Маңызды кезеңдердің бірі — өңірлердегі жұмыс болды: Наталья Львовна DAR RAIL-дің барлық бес өңірлік бөлімшесіне барып кездесулер өткізді. Нәтижесінде компания қызметкерлердің мотивациясын, ішкі кедергілерін және команданы күшейтетін факторларды нақты түсінуге мүмкіндік беретін талдау алды. Бұрын жай қатар жұмыс істесе, бүгінде сенімге, қолдауға және ашық диалогқа негізделген тірі командалық орта қалыптасып келеді.