DAR Rail «Үздік корпоративтік мем» байқауының қорытындысын шығарды
Жыл басында біз әріптестерімізге жұмысымыз туралы — шынайы, әзілмен және корпоративтік әдеп аясында мем түсіруді ұсынған едік. Байқауға түрлі бөлімшелерден 21 жұмыс келіп түсті. Іріктеу комиссиясы 5 финалисті анықтап, ал шешуші дауысты біздің оқырмандар қабылдауы керек еді.
Сонымен, жеңімпаздарды жариялаймыз: 🥇 I орын — Ахмад Джаббарзаде, Есіл учаскесі. 1 800 лайк және ақшалай сыйақы. 🥈 II орын — Сергей Байсағатов, Астана өңірлік бөлімшесі. 493 лайк және DAR Rail брендтік сыйлықтар жиынтығы.
Байқауға қатысып, видео түсіріп, дауыс берген барлық әріптестерімізге рақмет! Сіздердің арқаларыңызда бұл байқау шынайы әрі ерекше өтті 🙌