DAR RAIL

DAR Rail жыл қорытындысын шығарды: Кайзен марапаттары мен өңірлік директорлар кездесуі

DAR Rail жыл қорытындысын шығарды: Кайзен марапаттары мен өңірлік директорлар кездесуі

Жыл соңында өңірлік бөлімшелердің басшыларын Астанадағы орталық кеңседе жинау — DAR Rail қалыптастырған жақсы дәстүрдің бірі.

Игі басқосу аясында Kaizen философиясына негізделген үздіксіз жетілдіру бағдарламасының нәтижелері қорытындыланып, өндірістік процестерді жақсартуға айтарлықтай үлес қосқан әріптестер марапатталды.

Биылғы жартыжылдық қорытындысы бойынша үздік деп танылғандар:
— машинист Алексей Скорик (Астана Өңірлік бөлімшесі);
— машинист көмекшісі Рустам Кукумбаев(Астана Өңірлік бөлімшесі).
Олардың бастамашылдығы, тәртібі және үдерістерді жақсартуға қосқан үлесі компания тарапынан жоғары бағаланды.

Түстен кейін жиын жұмыс кездесуі форматына ұласып, Астана, Павлодар, Тобыл және Екібастұз бөлімшелерінің директорлары 2025 жылдың нәтижелерін таныстырып, келесі жылға жоспарланған міндеттер жөнінде баяндама жасады.

Есеп-беру кездесуінде:
— өндірістік көрсеткіштердің тұрақты өсуі;
— локомотив бригадаларының еңбек жағдайын күшейту, жұмыс орындарын автоматтандыру;
— инфрақұрылымдық жаңартулар — кеңселердің, демалыс үйлерінің жақсаруы;
— жоспарланған іс-шаралардың толық орындалуы;
— теміржол колледждерімен бірлескен кадр даярлау жобалары.
мәселелері көтерілді.

Сонымен қатар қозғалыс қауіпсіздігі, өндірістік тәртіп, өңірлік командалардың кәсіби әлеуетін арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Бұл кездесу өңірлік басшыларды бір ортақ кеңістікте тоғыстырып, компанияның даму траекториясын нақтылайтын маңызды дәстүр.

DAR Rail барлық өңірлік командаларға жыл бойы жасалған еңбегі, жауапкершілігі мен компания дамуына қосқан үлесі үшін ризашылығын білдіреді. Алдағы жыл табысты жобаларға, сапалы өсімге және жаңа мақсаттарға толы болсын.