DAR Rail ALT көлік колледжімен дуалды оқыту туралы келісімге қол қойды
DAR Rail Астанадағы М.Тынышпаев атындағы ALT көлік колледжі базасында өткен «Кәсіпорын мен колледж өзара іс-қимылының жаңа форматы» дөңгелек үстеліне қатысты. Іс-шараға теміржол және көлік саласының жетекші кәсіпорындары қатысты.
Кездесуде еңбек нарығының нақты талаптарына сәйкес кадр даярлаудың жаңа тәсілдері, дуалды оқытуды дамыту және өндірістік тәжірибені кеңейту мәселелері талқыланды. Келіссөздер нәтижесінде DAR Rail колледжбен екі негізгі бағыт бойынша ынтымақтастық келісіміне қол қойды: тартқыш жылжымалы құрамды пайдалану және жөндеу, сондай-ақ тасымалдауды ұйымдастыру мен қозғалысты басқару.
Колледж студенттері DAR Rail бөлімшелерінде өндірістік тәжірибеден өте алады, ал үздік түлектерді компания командасына қабылдауға дайын. DAR Rail үшін оқу орындарымен серіктестік — тек формальдылық емес: компанияға теміржол саласына дайын болып, жұмысқа бірден кірісе алатын мамандар қажет.