DAR RAIL

DAR Rail «Фестивальная» стансасын Starlink спутниктік интернетіне қосты

DAR Rail «Фестивальная» стансасын Starlink спутниктік интернетіне қосты
Цифрландыру бағдарламасы аясында DAR Rail «Шығыс» разрезіндегі «Фестивальная» стансасын Starlink спутниктік интернетіне қосты. Бұған дейін стансада тұрақты байланыс болмаған — бұл жағдай өндірістік бөлімшенің жұмысына және цифрлық жүйелерді пайдалануға кедергі келтіретін. Starlink орнатылғаннан кейін байланыс тұрақтанды. Техникалық қызмет көрсету пункті (ТКП) цифрлық жұмыс ортасына толық енгізілді: ТАБЖ жүйесіндегі ТУ-152 электрондық журналы штаттық режимде қолданыла бастады. Мамандар локомотивтердің техникалық жағдайы туралы деректерді тікелей жүйеге енгізеді, ал орталық кеңсе мен өңірлік бөлімшелер бұл ақпаратты онлайн режимде алады. Бұл диагностика мен бақылау үдерістерін едәуір жеделдетті. Алыс нысандарды интернетке қосу — DAR Rail-дің операциялық процестерді цифрландыру және маршруттар желісі бойынша техникалық қызмет сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігі.