2022 жылдан бері DAR RAIL жыл сайын өз қызметкерлеріне шетелге саяхат жасауға мүмкіндік беріп келеді. Барлық өңірлер мен учаскелердің адал еңбегін атап өту мақсатында шетелге жолдамалар ұтысы компанияның жақсы дәстүріне айналды.
Биылғы жеңімпаздар:
1. Руфат Қорабаев — электровоз жүргізушісінің көмекшісі, Павлодар
2. Даниял Балташ — электровоз жүргізушісінің көмекшісі, Екібастұз
3. Сағындық Мухитбеков — электровоз жүргізушісінің көмекшісі, Есіл
4. Самат Кулумбетов — электровоз жүргізушісінің көмекшісі, Астана
5. Евгений Бурлаев — машинист-нұсқаушы, Тобыл
6. Назерке Сайлау — клиенттермен және серіктестермен есеп айырысу жөніндегі менеджер, Орталық кеңсе
«Өз атымды тізімнен көру — күтпеген, бірақ өте қуанышты сәт болды!» — дейді Назерке.
Сонымен қатар Instagram-парақшамызда @dar_rail подписшілер арасында шағын байқау өткізілді — баратын елді табу керек болды. Дұрыс жауап бергендер арасынан екі жеңімпаз анықталды: @aida.9.6.9.6 және @yasya9722 — оларға DAR RAIL фирмалық сыйлықтары табысталды.
Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Ұмытылмас демалыс, жаңа әсерлер мен шабыт тілейміз!