25 мамыр күні DAR Rail компаниясы өз қызметінің алғашқы он жылдығын еңсерді. Дәл осы күні, 2016 жылы компания алғаш рет заңды тұлға ретінде тіркелген болатын.
Осы 10 жыл ішінде біз шағын ұжымы мен бірнеше локомотиві бар локомотив тарту операторы деңгейінен жылына шамамен 30 млн тонна жүк тасымалдайтын, өңірлерде өзіндік өндірістік инфрақұрылымы, ІТ-платформасы және бірегей корпоративтік мәдениеті мен құндылықтары қалыптасқан ірі жекеменшік жүк тасымалдаушы компанияға дейінгі жолдан өттік.
Бүгінде бізді Қазақстанда ғана емес, шетелде де жақсы таниды.
Әр жетістік — біздің даму жолымыздағы маңызды белес. Осыған орай біз соңғы 10 жылдағы тарихымызды заманауи форматта көрсетуді жөн көрдік және танымал мобильді ойын стиліндегі ерекше концепцияны таңдадық.
Он жыл. 10 маңызды белес. Бір бағыт — алға. Алда бұдан да ауқымды мақсаттар күтіп тұр!