DAR Rail қаңтар 2026 айының үздік қызметкерлерін атады
DAR Rail-де жақсы дәстүр қалыптасқан — ай сайын еңбегімен және командалық рухымен өзгелерге үлгі болатын әріптестерді атап өтеміз. Қаңтар 2026 жылының қорытындысы бойынша «алғыс жұлдыздары» қаржы менеджері Динара Танрақаева мен локомотивтерді техникалық қызмет көрсетуді жоспарлау менеджері Сергей Дорофеев болды.
Динара мен Сергей ұқыптылықтары, жауапкершіліктері және команданы қолдай білетіндіктері үшін атап өтілді. Дәл осындай қасиеттер DAR Rail-ді күн сайын күштірек етеді. Компания басшылығы марапатталғандарға алғыс хаттар, арнайы номинациялар мен қосымша бір сағат жеке уақытқа берілетін сертификаттар табыстады. Алғыс ағашына жаңа жұлдыздар қосылды.
Қызметкерлерді мойындау бағдарламасы — DAR Rail мәдениетінің бір бөлігі, мұнда әркімнің еңбегі байқалады және бағаланады.