DAR Rail мен КАЖГТП Еуразия ұлттық университетінің студенттеріне дәріс оқыды
DAR Rail Қазақстандық жүк теміржол тасымалдаушылары қауымдастығымен (КАЖГТП) бірлесіп Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттеріне арнайы дәріс өткізді.
Іс-шараға компанияның бас сарапшысы Мұрат Бекмағамбетов пен қауымдастық өкілдері қатысты. Студенттер теміржол және логистика саласындағы қазіргі үрдістер, жеке операторлардың даму бағыты және жас мамандар үшін жаңа мүмкіндіктер туралы білді. Бірінші кезекте көлік саласындағы цифрлық трансформация мен кәсіби өсудің болашағы талқыланды.
Дәріс аясында қауымдастық ұйымдастыратын дәстүрлі эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды. Бұл байқау студенттердің салаға деген қызығушылығын арттырып, өз ойларын кәсіби деңгейде жеткізуге мүмкіндік береді.
Мұндай кездесулер сала мен жоғары оқу орындарының байланысын нығайтып, болашақ мамандардың теміржол кәсібіне деген ынтасын арттырады.