Елімізде цифрландыруға стратегиялық мән беріліп, бұл бағыт медицинадан бастап ауыр өнеркәсіпке дейін экономиканың барлық саласына еніп келеді. Теміржол да бұл үдерістен тыс емес.
DAR Rail — өндірістік үдерістерін цифрландыруға алғаш кіріскен қазақстандық жекеменшік компаниялардың бірі. Компания тасымалды басқарудың автоматтандырылған жүйесін (ТБАЖ) әзірледі.

Локомотивтер цифрлық дерек көзіне айналды
Компания бұрын цифрлық жүйеге қосылмаған локомотивтерге қосымша құрылғылар орнатып, қозғалыс кезіндегі деректерді онлайн алуға мүмкіндік жасады.
Соның арқасында локомотив бригадасы мен Тасымалды басқару орталығының диспетчерлері арасында ақпарат алмасу жеделдеді:
— әр локомотивтің жай-күйін үздіксіз бақылауға мүмкіндік туды;
— әр құрам мен әр рейс туралы деректер онлайн түсіп отырады;
— локомотивтер мен қызметкерлер жұмысының энергия тиімділігі мен өнімділігін жедел талдауға болады.

ТБАЖ не істейді?
ТБАЖ локомотивтерді, машинистерді, диспетчерлерді және Тасымалды басқару орталығын бір жүйеде байланыстырады.
Әр локомотивке борттық планшет орнатылған. Ол жылдамдық, маршрут, энергия шығыны және локомотивтің техникалық жай-күйі туралы деректерді нақты уақыт режимінде Тасымалды басқару орталығына жібереді.

Жүйе қалай жұмыс істейді?
Машинистің борттық планшеті рейс кезінде қажетті деректерді тіркейді.
Ақпарат спутниктік байланыс арқылы ТБАЖ серверіне жіберіледі.
Рейс деректерін Тасымалды басқару орталығының диспетчерлері нақты уақыт режимінде көріп отырады. Басшылық та орталық кеңседегі бақылау панелі арқылы пойыздардың қозғалысын және локомотивтердің жұмыс көрсеткіштерін қадағалай алады.

Жүйенің негізгі мүмкіндіктері:
— локомотивтердің қозғалысын GPS және ГЛОНАСС арқылы бақылау;
— электронды маршрут парақтары мен техникалық қызмет көрсету және жөндеу журналдары;
— жөндеу жұмыстарын және қозғалыс кестесін жоспарлау;
— энергия тиімділігін талдау;
— диспетчердің цифрлық бақылау панелі;
— шығындар мен қорларды есепке алу үшін 1С жүйесімен ықпалдасу.
ТБАЖ енгізілгеннен кейін локомотивтердің резервтік жүрісі 15%-ға қысқарып, бригадалардың өнімділігі 15%-ға артты.
Келесі кезең — жасанды интеллект мүмкіндіктерін енгізу
DAR Rail ТБАЖ-ды одан әрі дамытып, жасанды интеллект модульдерін қосуды жоспарлап отыр. Олар:
— пойыз және жүк жұмысының көлемін нақты деректер негізінде 72 сағатқа алдын ала болжауға;
— пайдалану шығындарын азайту үшін локомотивтер мен бригадаларды рейстерге оңтайлы бекітуге;
— жөндеу мен техникалық қызмет көрсету мерзімін алдын ала болжап, локомотивтердің бос тұрып қалуы мен қозғалыс кестесіндегі іркілістердің алдын алуға мүмкіндік береді.
Жасанды интеллект нақты деректерді талдап, шешімді жылдам әрі дәлірек қабылдауға көмектеседі.
Цифрландыру — DAR Rail жұмысының негізгі бағыттарының бірі
Біз өз технологиялық платформамызды жасап, оны әрі қарай дамытып келеміз.
Цифрлық шешімдер жұмысты дәлірек басқаруға, қауіпсіздікті арттыруға және өндірістік үдерістерді жеделдетуге мүмкіндік береді.
Цифрландыру күні құтты болсын!